448
Батыс Қазақстан облысында «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің қызметкерлері сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, өңірлік департамент қызметкерлері екі қызметкердің ЖШС-лардың бірінің шотына өткізілген ақшаны 4 жыл бойы ұрлап келгенін анықтаған. Ұрланған қаржының жалпы сомасы 37 миллион теңгеден асады. Бұдан өзге олар 2013-2020 жылдар аралығында құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн теңгедан астам қаражатын иемденген.
Сот үкімімен екі қызметкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынды.