Күзде Түркістан облысынан 2 мыңнан астам азамат әскерге жіберіледі

Теги:
306

Еліміз бойынша 1 қыркүйекте әскерге шақыру науқаны басталады. Ол осы жылдың соңына дейін жалғасады. Биыл күзде Түркістан облысынан 2 мыңнан астам азаматты әскерге жіберу жоспарланған.

Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің хабаралуынша, әскерге шақырылушыларды іріктеудің айқындығы үшін шақыру комиссиясы құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Аталған комиссияның қабылданған шешімінің негізінде Түркістан облысының жастары әскерге жолданады.

Биыл мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылардың санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда мерзімін кейінге қалдыру енді қосымша беріледі:

– оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;

– құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар. Сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді.

Департаменттің мәлімдеуінше, әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейнебақылау жүргізілген. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәшіктері орналасқан.

Казарманың әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қолжетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалары туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі.

Айта кетсек, шақыру кезінде азаматтар әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға және босатуға құқықтары бар. Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:

1) отбасы жағдайы бойынша;

2) білімін жалғастыру үшін;

3) денсаулық жағдайы бойынша әскерге баруды кейінге қалдыра алады.

Алдыңғы пост
Павлодарлық тұрғын балаларға шалбарын шешіп, әуретті жерін көрсеткен
Келесі пост
Шымкентті кәріз жүйесімен қамту үшін 20 нысанның құрылысы жүріп жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu