Колледждерге құжат қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады

Теги: , , ,
237

Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің дерегі бойынша, колледждерге құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады.

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т. б. бағыттар бойынша ұлғайтылды.

Сондай-ақ өткен жылдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады. Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост
Шымкентте экс-медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды
Келесі пост
Шымкентте аптап ыстыққа шыдай алмаған ер адам көшеде жалаңаш шомылған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu