Жамбылдық ана: «Қызым алғашқы қоңырау соғуы үшін бүкіл мектепке дастархан жаюым керек екен»

Теги: ,
367

Жамбыл облысының тұрғыны білім саласындағы былықтарды жайып салды. Оның айтуынша, биыл қызы мектеп табалдырығын аттайды. Даярлық сыныбын үздік бітірген бүлдіршінді анасы алғашқы қоңырау соқса екен деп мектептегілерге өтініш айтқан. Ал ондағылардың берген жауабы әйелдің жағасын ұстатқан.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жазды.

«Алғашқы қоңырау ақылы ма? Кезекті хат Жамбыл облысының (Сарысу ауданы) Жаңатас қаласынан келді. Оқыдым да таң қалдым, қынжылдым. Мектеп табалдырығын енді аттайын деп тұрған арманы асқақ бүлдіршінді аяп кеттім… Білімдегі жемқорлықпен күресті министрліктен емес, шағын шаһарлардағы осындай сынып жетекшілерінен аластатудан бастау керек!» деп жазды журналист.

Гүлмира Әбіқай өз жазбасы оқырмандарына түсінікті болуы үшін жамбылдық тұрғынның жазған хатын толық жариялаған.

«Қызым биыл 1 сынып оқушысы. Даярлықты үздік бітірді. Ең алдыңғы қатарда болды. Алғашқы қоңырау соғуға мүмкіндігі бар ма десем, апайы бүкіл мектепке жуып беруге келісісез бе дейді….. Жуу дегені алғашқы қоңырау соққасын апайларына дастархан жайып беруім керек екен. Қоңырау соқпаса да білімді болса болғаны деп мен оған келіспедім» делінген оқырман хатында.

Ашынған ананың айтуынша, мектеп мұғалімі аудандық білім бөлімінен мақтау қағазын алу үшін 10 мың теңге беру керектігін жеткізіпті.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушыларының көбі білім саласындағы мұндай жайттарды растап отыр.

Көптің қызу талқысына түскен ақпаратқа қатысты аудандық білім бөліміндегілер жауап жазған. Өзін аталған бөлімнің бас маманымын деп таныстырған Гүлдана Қабылов есімді қолданушы әңгіме қай мектепке қатысты екенін сұраған.

«Сізге берілген бұл мәлімет қай мектепке қатысты екенін және мұғалімнің аты-жөнін толық көрсетсеңіз. Сол жағдайда біз білім бөлімі тарапынан тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Егер мектептің атауы, шағымданушы ата-ананың, мұғалімнің аты-жөні көрсетілмеген жағдайда бұл жағдай негізсіз болып табылады» делінген жауапта.

Предыдущая запись
​Жаңғыру жолындағы міндеттер
Следующая запись
Казахстанские спасатели — бронзовые чемпионы мира

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню