374
Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу изоляторында отырған алматылық бизнесмен Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға созылды.
Алматы қалалық сотының мәліметінше, сот санкциясымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 21 қазанына дейін ұзартылды.
Қайрат Құдайберген сәуір айының соңында ұсталып, қамалған болатын. Ол «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілінді.