Шымкентте 29 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 1 225 200 теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім береді.
Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Ескере кететін жайт, өтінімдер 29 тамыздан 9-қыркүйекке дейін қабылданады (сенбі-жексенбі, яғни 3-4 қыркүйек күндерін қоспағанда).
Белгіленген 616 азаматтан өтініш келіп түскен жағдайда, өтінім қабылдау тоқтатылады.
Жұмыспен қамту, «Бизнес бастау», мемлекеттік грант бойынша қосымша сұрақтарға жауапты халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімшелеріне хабарласып алуға болады.