Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, танысынан 2 500 000 теңгесін заңсыз иемденіп кеткен азамат анықталды.
Қаратау ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат мемлекеттік бағдарламамен жылдам пәтер алуға көмектесетінін, бұл үшін өз таныстарына қомақты қаржы беру арқылы жүзеге асыратынын жазып көрсеткен.
Осылайша жәбірленушінің сеніміне кіру арқылы 1 800 000 теңгесін қолма-қол алып, қалған екінші бөлігі 700 000 теңгені банктік есеп шотына аудартып алып, өз уәдесінде тұрмай ақшаны жеке бас пайдасына жаратқан.
“Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді”,-деді Полиция департаментіндегілер.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.