Ғаламторда жігітпен танысқан бойжеткен 2 млн тұратын алтын сақинасынан айырылды

197

Астанада әлеуметтік желі арқылы жас жігітпен танысқан бойжеткен қымбат бұйымынан айырылды. Жігіт бойжеткеннің үйіне ұрлыққа түскен. Polisia.kz жазуынша, жәбірленуші полицияға арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу үйіндегі алтық сақинасын жымқырып кеткен.

Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде күдікті ретінде 18 жасар тұрғын ұсталды. Тергеу барысында оның әлеуметтік желі арқылы қызбен танысқаны анықталды. Қысқа хат алмасудан кейін ол қыздың пәтеріне барып, танысуды сонда жалғастырған. Үй иесінің басқа жаққа алданып тұрғанын пайдаланған ол пәтер кілтін ұрлап алған. Бірнеше күннен кейін үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, пәтердің есігін ашып кіріп, алтын сақинаны ұрлаған. Келтірілген шығын сомасы 2 млн теңгені құрады. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт кінәсін мойындады. Күдіктіден заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алдыңғы пост
Оралда мас жолаушы полицейге тап берді
Келесі пост
Түркістандық келін қайын әпкесінің қымбат тонын ұрлап кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu