25 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдерді құрмет белгісімен марапаттау ұсынылды

Теги:
458

Қазақстанда мұғалімдерді 25 жылдық қажырлы еңбегі және педагогикалық қызметтің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін құрмет белгісімен марапаттау жоспарлануда.

Толықтырулар енгізу туралы тиісті құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

“Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін” құрмет белгісі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, педагогикалық білімі бар қосымша білім беру ұйымдарының 25 жыл еңбек өтілі бар ұстаздарына беріледі “, – делінген бұйрық жобасында.

Ашық талқылау ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Алдыңғы пост
Алматыда Ұлттық ұланның келісімшарт бойынша әскери қызметкері өзін-өзі атып өлтірді
Келесі пост
Шымкентте үй алмақ болған әйел 2,5 млн теңгесінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu