433
Ұлттық ұланда келісімшарт негізінде еңбек етіп жүрген 21 жастағы әскери қызметші өзін-өзі атып өлтірді. Бұл туралы ІІМ-нің Taelegram-каналы хабарлады.
“22 тамызда сағат 15:15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісімшарт бойынша әскери қызметші Абылай Сабыров (2001 жылы туған) 3650 әскери бөлімінде (Алматы қаласы) өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды”, – делінген ведомствода ақпаратында.
Министрлік Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайтынын атап өтті.