458
Жезқазғанда екі қабатты үйдің пәтерінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы полицейлерге тұрғындардың бірі хабарлаған.
ІІМ-нің ресми Telegram-каналындағы мәліметке сүйенсек, кісі өліміне күдікті ретінде 60 жастағы тұрғын ұсталды.
Оның айтуынша, марқұм оның бизнестегі бұрынғы серіктесі болған. Кейін бизнесті жауып, өзара дүние-мүлікті бөліскен. Осының негізінде ер адамдар арасында бірнеше жылға созылған жанжал туындаған.
Күдікті гаражда аңшы мылтығын тазалап отырған кезде серіктесінің аулаға шыққанын көріп, оны атып тастаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.