​Кондуктор, тіл тазалығын сақта!

Теги: , ,
377

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасынің өкілдері жолаушыларды тасымалдайтын компания басшыларымен кездесіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде қоғамдық көліктерде аялдамаларды қазақ тілінде атау мәселесін талқылады.

Басқармаға қарасты «Тілдерді оқыту-әдістемелік» орталығының басшысы Гүлмира Жанысбекованың сөзінше, қала тұрғындарынан қоғамдық көліктерде мемлекеттік тілдің қолданысы туралы шағым көптеп түседі.

«Қоғамдық көлік біздің қаламыздың айнасы. Жолаушылар көлігінде көрсетілетін қызметтің мәдениеті, көліктің тазалығы, кондукторлардың әр аялдаманы қалай хабарлайтынын күнделікті көріп жүрміз. Әсіресе, тіл мәдениеті мен тазалығы сақталмай келеді. Қоғамдық көлік арқылы көздеген мекенжайға жеткенше кондукторлар көше аты берілген қазақтың ұлы тұлғаларының тегіне «-ова»,«-ева» қосымшасын қосып хабарлайды. Мәселен, «Байтурсунова», «Сейфулина», «Алимбетова» тағы басқа. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі. Сондықтан өздеріңіз жетекшілік ететін қоғамдық көліктерде мемлекеттік тілдің нормаларын сақтауға шақырамыз», — деді Гүлмира Қалыбайқызы.

Жиында аялдамаларды дұрыс атауды, валидатор құрылғысын екі тілде дыбысталуын қадағалау ұсынысы да айтылды.

«Әр аялдамада кондукторлардың айқайлап жеткізуін, автобустарда ішкі мәдениетті сақтау үшін көше аты берілген тұлғалардың тегіне «-ова», «-ева» қосымшаларын жалғауды тоқтату керек. Автобус ішіне ілінген жарнама парақшаларында белгілі заңдылыққа сәйкес екі тілде жазылуын да қадағаласаңыздар екен. Әр транспортта үнемі Қазақ радиосы қосулы тұрса, жолаушылар өз аялдамасына жеткенше ұлттық өнер туындыларымен сусындап барар еді. Қазір автобустарда валидатор құрылғысы тек орыс тілінде дыбыстайды. Қазақша сөйлейтін бағдарлама орнатуды қолға алуды сұраймыз», — деді орталық басшысы.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиевтің айтуынша, төлем құрылғысындағы дауысты хабарлама орнына енді арнайы дыбыстар орнатылады.

«Қоғамдық көліктердегі валидатор құрылғысын орнатқан инвесторларға қазақша дыбыстайтын бағдарлама орнатуды ұсындық. Құрылғы шетелде өндірілгендіктен алдағы уақытта дауысты хабарлама орнына арнайы дыбыстар қосылады. Картадан төлем алынған жағдайда және төлем жасалмағаны туралы екі түрлі дыбыс шығады. Инвесторлар қазан айына дейін осы тапсырманы орындауға уәде берді», -деді Н. Сүгірәлиев.

Жиын соңында тасымалдаушы компания иелеріне қаладағы көше мен аялдама атаулары жазылған ақпараттық парақша таратылды. Парақшада көшелердің ескі және қазіргі атауы көрсетілген. Мәселен, Мира —Бейбітшілік көшесі, Рыскулова —Рысқұлов көшесі, Полторацкий — Ғани Іляев көшесі. Мекеме басшылары қарамағындағы қызметкерлерге тіл мәдениетін ұстануды қатаң бақылауға алуға уағдаласты.

Предыдущая запись
В Карагандинской области учащийся колледжа прыгнул с многоэтажки и погиб
Следующая запись
ШЫМКЕНТТЕ 400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІНЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню