Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкеннен қару ұрлаған жігіт ұсталды

Теги: ,
455

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған мылтық Жамбыл облысының 27 жастағы тұрғынынан тәркіленді. Қарақшыны қаланың криминалдық полиция қызметкерлері ұстаған.

«Ұстау іс-шарасы Әуезов ауданының аумағында болды. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде аңшылық дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 1995 жылы туған азамат ұсталды. Қылмыскердің олжасы 12 калибрлі «SIBERGUN» маркалы тегіс ұңғылы мылтық болды. Заттай айғақтар тәркіленді және сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 291-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына біріктірілді», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын да тонау жасағаны үшін сотты болған.

Департаменттің мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Предыдущая запись
Жыл басынан бері 11,9 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалған
Следующая запись
Коллекционер сдавал мошенников и сам попался на афере

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню