Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің бес күндік жұмыс форматына көшуін қамтамасыз етуді тапсырды

Теги: ,
471

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен республикалық ұйымдардың басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиында барлық өңірдің білім басқармалары басшыларының есептері тыңдалды. Олар бес күндік оқытуға көшу және педагогтердің жұмыс тәртібі, сондай-ақ сыныптарды жинақтау, тариф және педагогтердің сағат жүктемесі туралы баяндады.

Ведомства баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңесте сонымен қатар өңір әкімдіктерінің мектептердегі жөндеу жұмыстарын аяқтауы, оқулықтарды жеткізу, мектеп формасын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мәселелері талқыланды.

«Білім басқармаларына былтыр бір немесе бірнеше мөлшерлемемен жұмыс істеген барлық мұғалімді қажетті оқу жүктемесімен қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ 23 тамызға дейін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан көмек алатын барлық 475 мың азаматтың банктегі шотына қаржыны аудару және осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап үш ауысымда жұмыс істейтін педагогтерді қоспағанда, барлық мұғалімнің бес күндік жұмыс аптасына көшуін қамтамасыз етуге қатысты тапсырма берілді» делінген министрлік мәліметінде.

Предыдущая запись
Полицейским пришлось успокаивать супругов, которые не могли поделить зарплату
Следующая запись
На Назарбаева подали в суд за рейдерство

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню