ШЫМКЕНТТЕГІ СОЛТҮСТІК САЯЖАЙҒА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ 90%-ҒА ТАРТЫЛДЫ

Теги:
443

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр

қуатымен қамту үшін елдімекендерге желі тарту жұмысы жалғасуда. Солардың бірі,

Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай шағынауданында электр желісі 90%-ға

тартылды. Мамандар жұмыстар 100 пайызға қыркүйек-қазан айларында аяқталады деп

отыр. Жұмыс біте салысымен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан

абоненттеу жүргізілетін болады. Аталған шағын ауданда құрылыс жұмыстары былтыр

басталған еді. Бүгінге дейін 4737 электр бағанасы және 52 трансформатор

орнатылып,1149 шақырымға желі тартылды. Үшінші мегаполисте қазіргі таңда,

электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы

электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы

қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді

мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар,

Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді

мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы

іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас

шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді.

Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы

аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр

қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып

отыр. Айта кетейік, қаланың даму жоспарына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында 6

қосалқы станцияны пайдалануға беру жоспарланған. Шаһарда 2023 жылы Қызылсу

220кВ және ВЛ 220 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталса, 2024 жылы Оңтүстік

220кВ, Тұран 110кВ, Ипподром 110кВ, Шымсити 110к станциялыраның құрылысы

жүргізіледі. Аталған жұмыстар жүзеге асырылғанда 2025 жылы қалада сапалы

электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді деп күтілуде.

Предыдущая запись
Ирина Смирнова: «Достаточно мест, где можно сэкономить! Но не на детях!»
Следующая запись
«Я просила, умоляла…»: за смерть супруга жительница Темиртау хочет наказать врачей

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню