371
Ақтөбеде облысында арнайы операция кезінде көлік жүргізу куәлігін заңсыз берумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қолға түсті. Күдіктілерді ұстау кезінің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір мүшесінен қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.