2023 жылдан бастап еліміздегі үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық білім ұялары бес күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында айтты.
«Біз сондай шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, оның орынбасарларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалып, балаларының қасында болуы керек деп есептейміз. Бұл оқу жылының созылуы және оқу жүктемесінің қысқаруы есебінен жүзеге асырылады»,-деді министр.
Осылай деген Асхат Аймағамбетов мектеп директорларына мұғалімдерді сенбі күні жұмысқа шақыруды тоқтату туралы тапсырма берді.
Айта кетейік, мектептер бес күндік жұмыс форматына көшкенімен ұстаздардың еңбек демалысына шығу уақыты өзгеріссіз қалады.