494
Деструктивті діни ағымды ұстанушы ер адам педофил деген күдікпен ұсталды. Polisia.kz мәліметінше, 51 жастағы ер кісі кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінген.
ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен республикалық іздеуде жүрген Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол «Таблиги Джамаат» діни-экстремистік ұйымын ұстанушы.
Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген.