«1 млн-ға дейін көмек беріледі» Еңбек министрлігі алаяқтардан сақ болуға шақырды

Теги: ,
291

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгісіз тұлғалар өздерін аталған ведомстваның қызметкерлері ретінде таныстырып, тұрғындарға телефон соғып жатқанын мәлімдеді. Олар халыққа 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді екен. Министрліктегілер бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттардағы тыйым салуды алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан есепшоттарға тыйым салынған). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан тыйым салуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігін айтады. Министрлік қызметкерлері тұрғындарға қоңырау шалмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлаймыз» делінген мәліметте.

Осы ретте ведомства тұрғындардан алаяқтарға алданып қалмауды, фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұрайды.

Предыдущая запись
На рынке работорговли в Казахстане мигранты — самый востребованный товар
Следующая запись
ІІМ-іне қарасты екі жоғары оқу орнының басшысы олқылықтары үшін жазаланды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню