Нұр-Сұлтанда Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған. Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы мигрант бас қалаға маусым айының соңында келген. Ал мешітте бірнеше рет ұрлық жасаған. Шетелдік азаматтың мойнында ұрлықтың 6 фактісі бар, ұрланғандардың ішінде ұялы телефондар мен ақша қаражаттары болған.
Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Аталған қылмысқа қатысты бейнетаспалардан оның ұяшықтардан келушілердің сөмкелерін алып, ұрлық жасағанын көруге болады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Жігіт кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде 4 ұялы телефонды тәркіледі. Аталған фактіге байланысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген ведомства мәліметінде.