366
Ақтөбеде қаржылық қиындықтарға тап болған ер кісі өз-өзіне қол салып, өмірмен қоштаспақ болды. Оқиға кеше, 14 тамызда орын алған. Жедел басқару орталығына ер адамның суицид жасамақ болғаны туралы хабар келіп түскен.
Көрсетілген мекенжайға барған полицейлер пәтердің есігін ашып, ішке кірген кезде мойнында жіп асулы ер адамды көрген.
«Полицейлер жедел әрекет етудің арқасында ер адамды ажалдан арашалап қалды. Оған психологиялық көмек көрсетілді. Ер кісінің өзіне қол жұмсамақ болуының себебі қаржылық қиындықтармен байланысты болған»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.