Шымкент әкімі «Тұран» ауданының арқасында қаланың қай бөлігі дамитынын айтты

Теги:
356

12 тамызда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Шымкент қаласының жаңа, бесінші ауданының атауы бекітілді. Ол аса маңызды, тарихи “Тұран”атауына ие болады.

Айтпақшы, қала тұрғындары шілде айының соңында қоғамдық тыңдауларда ұсынылған 10 нұсқаның ішінен осы атауды таңдады. Тұраннан басқа жаңа ауданды Бадам, Яссы, Жібек жолы, Мартөбе және т.б. деп атауға болады. Қала тұрғындарының 63,5 пайызы, ал жастар өкілдері, ардагерлер кеңесі мен Шымкент Азаматтық Альянсы тыңдауда “Тұранға”дауыс берді.

Республикалық ономастика комиссиясының мақұлдауынан кейін мегаполистің бесінші ауданы ресми атау алды, шекаралар бекітілді.

Еліміздің үшінші мегаполисінің әкімі Мұрат Әйтенов бесінші ауданның құрылуы қаланың дамуына ерекше серпін беретінін атап өтті. Бұл туралы қала басшысы жергілікті мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясында мәлімдеді.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қалада жаңадан құрылған бесінші ауданның арқасында шаһардың қай бөлігі дамитынын айтты. Бұл туралы қала басшысы жергілікті мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясы кезінде мәлімдеді.

«Бұл ауданға «Тұран» атауының берілуі тарихи тұрғыдан ерекше шешім екенін атап өткім келеді. Құрылған жаңа аудан қаламыздың оңтүстік-батыс бөлігінің дамуына ықпал етеді деп сенемін»,-деді ол.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, сессияда күн тәртібіне сәйкес Шымкент қаласында білім берудің сапасын арттыру және жаңа оқу жылына, жылу маусымына дайындық шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалуы, Шымкент қаласында құрылған бесінші ауданға атау беру, сонымен бірге бірқатар мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі көтерілді.

Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, биыл 24 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үш ауысымды мектеп саны 9-дан 5-ке азаяды. Сонымен қатар, бұл жылы өткен жылға қарағанда 1-сыныпқа баратын балалар саны 3 мыңға артқан. Бастауыш сынып оқушылары толығымен осы жылы да бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.

Ал Энергетика және ифрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қаладағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары 20 қыркүйекке дейін толығымен аяқталатынын жеткізді. Бүгінде жылу қазандықтары 80 пайызға, сорғы стансалары 82 пайызға, көпқабатты үйлер 74 пайызға жылу маусымына дайын.

Алдыңғы пост
Алматыда өз әжесін өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген 18 жастағы жігіт сотталды
Келесі пост
Шымкентте білім беру сапасын арттыру мәселелері мәслихат сессиясында қаралды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu