355
Ол 29 ақпанда Таиландтың астанасы – Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады.
Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта болады. Қарсыласым – таиландтық Кадесара Джадпакди. Оның кәсіпқой рингтегі рекорды – 7-3-0. Алда мені 8 раундтық маңызды рейтингтік жекпе-жек күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл – карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек. Себебі бірнеше рейтингтік кездесулерден кейін әлем чемпионы титулдары үшін шаршы алаңға шығамын. Сондықтан менің міндетім – абсолютті әлем чемпионы болу үшін мықты қарсыластарға дайын болу! – деді боксшы.