Алматыда есірткі қолданған жүргізуші қоғамдық автобуспен жолаушы тасымалдаған

Теги: ,
356

Алматыда №118 бағыттағы қоғамдық автобус жүргізушісі есірткі қолданып алып, жолаушыларды тасымалдаған. Автобус тізгіндеген оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында полицейлер тоқтатқан. Оның әрекеті күдік туғызғандықтан ол медициналық тексеруден өткізілген.

«Сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», — деді қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Бұдан өзге есірткі қолданған жүргізушінің автобус тізгіндеуіне рұқсат берген автокәсіпорынның медицина қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 619-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылып, оған 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Предыдущая запись
​Комиссия МО РК: «Факты унижения и издевательств в отношении бывшей военнослужащей не подтвердились»
Следующая запись
Советник министра науки и высшего образования извинился перед жительницей Шымкента

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню