Сарыағаштық бойжеткен көршісінің үйіне ұрлыққа түсіп, бар алтынды үптеп кетті

Теги: ,
417

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тұратын жас қыз көршісінің үйіне ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын әшекей бұйымдарын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын — 300 000 теңге.

«Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық» бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті бойжеткен жергілікті тұрғын, жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаменті.

Бойжеткен ұрлаған алтындарды ломбардқа өткізіп, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберіпті.

Предыдущая запись
Станет ли сахар дешевле в Казахстане?
Следующая запись
Двух малолетних братьев в Алматы заставляли заниматься оральным сексом на камеру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню