399
Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы білім ұясы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады. Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының барлық түлегі мемлекеттік білім грантының иегері атанып отыр.
Биыл аталған мектепті бес сыныптың оқушылары бітірген болса, түлектер саны — 63. Олардың 30-ы «Алтын белгі», 21-і үздік аттестатқа ие болған. Мектеп гимназиясының ұлттық бірыңғай тестілеуде қол жеткізген орташа балы 105% құраған.
Білім ордасы соңғы 7 жылда 299 «Алтын белгі», 125 қызыл аттестат иегерлерін шығарған.
Бұл білім ұясы бұған дейін де ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, жыл сайын республика бойынша үздік мектептердің қатарынан көрініп келеді.