«Фотоға түсірудің қажеті жоқ»: Оқу-ағарту министрлігі қайырымды жандарға өтініш айтты

Теги: ,
372

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға көмек көрсеткісі келетін қайырымды жандарға өз өтінішін жеткізді. Бұл туралы комитет өкілі «Oqu-ağartu LIVE» тікелей эфирі кезінде айтты.

Дулат Жекебаевтың піірінше, қайырымдылық істерді көпшілікке жария етудің қажеті жоқ. Өйткені ол баланың психологиясына кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Қайырымдылықты жарияға жар салмай жасау керек. Сонымен қатар көмек көрсеткен жағдайда балаларды фотоға түсірудің қажеті жоқ. Мәселен, 5 балаға көмек көрсетіп, оны былай да былай фотоға түсіріп, суреттерді әлеуметтік желіге салатындар бар. Ондай қайырымдылықтың барынан жоғы… Ата-ананың рұқсатынсыз баланы суретке түсіруге болмайды. Бұл бір жағынан оларға психологиялық соққы болуы мүмкін. Бала көмекті кімнен, қайдан алып жатқанын білуге міндетті емес», — деді ол.

Предыдущая запись
​В акимате Шымкента не смогли обосновать выбор оператора по обеспечению дехкан топливом
Следующая запись
Жетісайда бір мектептің барлық түлегі грантқа түсті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню