361
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылында екі қарақшы газ құю бекетінде ұйықтап жатқан ер азаматты тонап кетті. Олардың бұл әрекеті бекеттегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда тәтті ұйқыда жатқан ер кісіге екі азамат келіп, сөмкесін тартып алмақ болады. Сол кезде ер кісі ұйқысынан оянып, олармен арпалысады. Алайда қарақшылар сөмкені алып, оқиға орнына қашып кетеді.
Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, сөмке ішінде 80 мың теңге болған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталған. Олардың үстінен ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.