«Өлтірмек болған»: Психикалық ауытқуы бар жігіт ұйықтап жатқан өгей әкесін пышақтап тастады

Теги:
350

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда 25 жастағы жігіт ұйықтап жатқан өгей әкесін пышақтап, өлтірмек болды. 33 жастағы ер адам қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Ол қол мен кеуде тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алған.

Облыстық Полиция департаментіндегілер өгей әкесін өлтіруге оқталған жігіт ұсталғанын айтты. Оқиғаны анықтау барысында күдіктінің ақыл-есінде ауытқушылығы бар, яғни психикалық бұзылулардан және эпилепсиядан зардап шегетіні анықталған.

«Жас жігіт бір күн бұрын мас күйінде өгей әкесімен жанжалдасып, төбелескені белгілі болды. Ол таңертең ұйықтап жатқан өгей әкесіне асхана пышағымен шабуыл жасап, дене жарақатын салған. Бұрын үй иелері немесе көршілері шақырған патрульдік отрядтар көрсетілген мекенжайға қайта-қайта баратын. Алынған мәлімет бойынша жігіт психикалық ауытқушылықпен ауырады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша іс қозғалды», – деді Талдықорған қалалық ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Күдікті қазіргі таңда психоневрологиялық диспансерге жатқызылыпты. Іс бойынша соңғы процессуалдық шешім тергеу жұмыстарына байланысты қабылданатын болады.

Алдыңғы пост
Алаяқтық жасаған екі әскериге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды
Келесі пост
Оралда кәсіпкерді айуандықпен өлтіріп кеткен күдіктілер екі айға қамалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu