Түркістан облысында бір күнде 4 бала суға батып кетті

Теги: , , ,
210

Түркістан облысындағы аудандарда бір күнде 4 бала суға кетіп, қайтыс болды. Қазіргі таңда балалардың қайтыс болу себебі анықалуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алғашқы оқиға Келес ауданы Абай ауылындағы Келес өзенінде болған. 2017 жылы дүниеге келген бала 9 шілде күні сағат 12:00-де үйінен шығып, ені 10 метр, тереңдігі 2 метрге жететін өзен маңына досымен бірге барған. Сол жерде ол суға батып кеткен. Құтқарушылар баланың мәйітін сол күні сағат 16:30-да судан алып шықты.

Екінші жағдай Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында тіркелді. Облыстық ТЖД мәліметінше,  2021 жылы дүниеге келген бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалған. Сағат 14:30-да үй ауласындағы ваннаға (ені 0,5 метр, ұзындығы 1,5 метр, тереңдігі 0,6 метр) құлап,  батып кеткен.  Ата-анасы сол күні сағат 15:06-да баланың мәйітін судан шығарып алған.

Үшінші оқиға Төлеби ауданы Біркөлік ауылындағы демалыс аймағында болған. Сағат 12:00-де 2021 жылы дүниеге келген бүлдіршін ені 3 метр, ұзындығы 5 метр, тереңдігі 1,5 метрге жететін бассейнге құлап кеткен. Оның денесін туыстары алып шыққан.

Төртінші жағдай Жетісай ауданында орын алған. 2015 жылы дүниеге келген бала үйінен сағат 12:00-де шығып, 300 метр қашықтық жердегі К-25-9 суармалы каналына батып кеткен. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар 10 шілде күні сағат 00:30-да каналдан алып шыққан.

Алдыңғы пост
Түркістанда 40 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды
Келесі пост
Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен туристің мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu