Шымкент әуежайында көлік полицейлері Египеттен келген 31 жастағы ер адамнан діни мазмұндағы кітаптар тәркіледі.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Шымкент қаласының әуежайында “Шарм-эль-Шейх – Шымкент” халықаралық рейсі келгеннен кейін тексеруден өту кезінде Түркістан қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде жас жігіттен діни мазмұндағы 222 кітап табылған.
«Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағы (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, дайындау, шығару, Басып шығару және тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Іс материалдары сотқа жолданды. Шымкент қаласының әкімшілік сотымен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК көлемінде (153 450 теңге) әкімшілік айыппұл салынды» делінген ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің мәліметінде.