Пәтер кезегін жылжытып беремін деген әйел тұрғындарды 14 млн теңгеге сан соқтырып кетті

Теги:
307

Жамбыл облысы, Тараз қаласында бірнеше тұрғын алаяқтың құрбаны болып, полицейлерге арыз жазған. Олар өз шағымдарында «пәтер кезегін жылжытып беремін» деп уәдені үйіп-төккен әйелге сеніп, қомақты қаражат бергенін көрсеткен. Алайда соңында ақшаны алған ол мүлдем хабарсыз кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 14 миллион 95 мың теңгені құрайды.

Полицейлер күдікті келіншекті ұстады.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Әйелімен ұрысып қалған еркек өз үйіне ұрлыққа түскен
Келесі пост
Шымкент әуежайында түркістандық тұрғыннан діни мазмұндағы 222 кітап табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu