415
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында 15 жасар бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға Темірлан ауылынан бір шақырым жердегі Арыс өзенінің бойында болған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жасөспірім отбасымен бірге табиғат аясында демалуға барып, шомылуға тыйым салынған орында суға түскен.
«Жедел-құтқару жасағына қарасты құтқарушылар мен сүңгуірлер баланың мәйітін судан алып шықты. 2007 жылы дүниеге келген баланы іздеу жұмысына Түркістан облысы ТЖД 2 қызметкері мен бір техникасы және жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы, полиция департаментінің 4 қызметкері жұмылдырылды»,-деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.