443
Алматыда «Мамыр» шағынауданындағы пәтер ішінен табылған әйел мен екі баланың денесінде зорлық белгілер бар. Бұл туралы қалалық прокуратурадағылар мәлімдеді. Қылмыстық істі құзырлы орган өз бақылауына алған.
“Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша сот алды тергеуді бастады. Оның аясында тергеу және жедел-іздестіру шараларының толық кешені жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, бейнематериалдар зерделенеді. Куәгерлерден жауап алынады. Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура ерекше бақылауға алды”, – деді ведомство өкілдері.
Еске салсақ, 6 тамыз күні Алматыдағы «Спутник» тұрғын үй кешеніндегі пәтерден 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы дүниеге келген балаларының мәйіті табылған болатын.