315
Шымкентте орта жастағы ер кісі танысына оңбай алданып қалды. Айтуынша, таныс әйел азаматы оған «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігін алып беремін деп сеніміне кіріпті. Содан қолма-қол 4 000 000 (төрт миллион) теңгесін санап алып, бірақ соңында хабарсыз кеткен. Алаяқтың құрбаны болғанын сезген ер кісі полицияға шағым түсірген.
Күдікті қала аумағында жасырынып жүрген ұсталған.
«Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеуге алынды. Ұсталған күдікті кінәсін толық мойындады. Алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген екен. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.