Қымбат көлік тізгіндеген жастар жол ережесін өрескел бұзып, аспанға мылтықтан оқ атты

Теги: ,
422

Жамбылда жол ережесін өрескел бұзып қана қоймай, мылтықтан от атқан жас жүргізушілер көптің зәресін алды. Олар бұл сәтті видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған. Белгілі болғандай, бұл көліктер той кортежінде жүрген. Полицейлер видеодағы көлік тізгіндерді оп-оңай анықтады. Оқиға 7 тамыз күні Қордай ауданында орын алған.

«Lexus 570», «Toyota Land Cruiser» және «Меrcedes-benz S55» автокөліктерінің үш жүргізушісі мен бір жолаушыға әкімшілік жаза тағайындалған. Ал көліктер айып тұрағына қойылған.

«Lexus 570» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігімен, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін 590-баптың 2-бөлігімен және 590-баптың 10-бөлігімен (алдыңғы терезесіне перде салу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы автокөліктің алдыңғы орындығында отырған 21 жастағы жолаушысы қарумен жоғарыға оқ атқаны үшін ҚР ӘҚБтК 436-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылып, тіркелген аңшы мылтығы тәркіленіп алынды»,-деді Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер.


Бұдан өзге тағы бір қарудан оқ атқан «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 436-бабының 1-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК 484-бабының 1-бөлігімен (Қаруды сақтауға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық қаруды тасымалдау ережесін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылыпты. Сонымен қатар мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін де оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК 230-бабының 2-бөлігімен (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзуы), ҚР ӘҚБтК 590-бабының 9-бөлігімен (мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылған. Ал аңшы мылтығы тәркіленіп алынған.

«Жолдың қарсы бағытына шыққаны және дрифт жасағаны үшін «Меrcedes-benz S55» маркалы автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 630-бабының 1-бөлігімен (жол жабындысын бүлдіру) әкімшілік хаттама толтырылды. Істің барлық материалдары аудандық сотқа жолданатын болады» делінген ведомства мәліметінде.

Полицейлер той кортежіне қатысқан басқа да автокөлік иелерін анықтап, ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.

Предыдущая запись
Одна из NFT-роз от Imanbek подарит обладателю авторские права на одну из композиций диджея
Следующая запись
Отбасымен демалуға барған 15 жасар бала Арыс өзеніне батып кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню