Еnergyprom.kz сайтының жазуынша, шілде айындағы қорытынды бойынша елімізде кофе бір жыл ішінде 19,6 пайызға, ал шай 16,7 пайызға қымбаттаған. Кофе бағасының қымбаттауы бойынша Шымкент көш бастап тұр. Мегаполисте кофе құны 47,4 пайызға шарықтаған. Ал Ақмолада 26,6 пайызға, Атырау облысында 25 пайызға қымбаттаған. Солтүстік Қазақстанда баға небәрі 10,1 пайызға өскен.
Ал шай бағасы бойынша Солтүстік Қазақстан (126,4%), Қызылорда (26,3%) және Жамбыл (25,9%) облыстары көш бастап тұр. Шымкентте шай бағасы 9,9% қымбаттаған.
Айта кетерлігі, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде 8,5 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,6 пайызға кем. Өңірлер арасында өндірістің жартысынан астамы Алматы қаласына тиесілі: 4,5 мың тонна, бірақ бұл осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21 пайызға аз. Ал Шымкентте 2,6 мың тонна өнім өндірілген. Алматы облысындағы өнім көлемі — 973 тонна.