Fly Arystan-ға рейсті кешіктіргені үшін тағы да айыппұл салынды

Теги: ,
505

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тартуды жалғастыруда. Комитеттің мәліметінше, 2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін «Fly Arystan» бөлімшесінің Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілгені анықталған. Ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісінше ұсынылмаған.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 4 тамызында авиакомпанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 063 000 тг.) мөлшерінде айыппұл салынды.

«Бұл «Эйр Астана» әуекомпаниясы тобының рейс кешіктірілген кезде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен өткен айда жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартудың төртінші жағдайы. Комитет заңнамада көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда авиатасымалдаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті шаралар қабылдайды», – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Предыдущая запись
​Полиция Петропавловска пересела на лошадей
Следующая запись
Семейный подряд: мужчина душил своего друга, а сын помогал его удерживать

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню