Елімізде киім бағасы 10% қымбаттаған

Теги: ,
667

Қазақстанда киім бағасы шарықтап кетті. Бұл туралы Energyprom.kz жазды. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, маусым айында сауда орындарындағы аяқкиім мен киім бағасы бір айда 1,4%, ал бір жылда 9,7% қымбаттаған.

Бір айдың ішінде аяқ киім мен киімдердің бағасы Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында айтарлықтай өскен. Ал Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында баға аса көп өсе қоймаған. Бір жылда баға өскен өңірлердің қатарында Маңғыстау және Қызылорда, Атырау облыстары бар.

Маусым айындағы есеп бойынша ерлер киімі бір жылда 9,1%, ерлер аяқ киімі 9,5% қымбаттаған. Ерлердің іш киімі 15,6%, майка 14,9%, джинсы шалбар 10,7%, спорт киімдері 10%, футболка 9,8%, шұлық 9,7%, қысқы күртелер 8,7%, жейде 8,2%, маусымаралық пальто 6,7%, жемпір 5,4%, шалбар 5,2%, костюм-шалбар 4,3% қымбаттаған.

Ал жазғы туфли мен сандалет бір жылда 11,6%, қысқы етік бағасы 10,4%, ересектердің үйде киетін аяқ киімі 9,8%, маусымаралық бәтеңке бағасы 8,9%, туфли 8,1%, кроссовка бағасы 7,9% өскен.

Әйелдердің сыртқы киімі бір ғана маусым айында 1,3%, ал бір жылда 8,9% қымбаттаған. Аяқ киім бағасы жылдық межеде 9,5% өскен. Ал көйлектер 11,9%, ветровка мен футболкалар 11,2%, қыстық күрте 10,8%, төстартқыш 9,6%, спорт киімі 8,8%, шалбар мен колготкилер 8,7%, маусымаралық пальто 8,5%, халат 8,3%, тері тондар 7,9%, джинсы 6,4%, юбка 6,2%, жемпірлер 4,5% қымбаттаған.

Былғары теріден жасалған босоножкилер 12,5%, қыстық етіктер 10,2%, маусымаралық аяқ киімдер 8,8%, былғары теріден жасалынған туфлилер 8,4%, сәнді туфлилер 7,5%, кроссовка 7,2% артқан.

Ал балалар киімінің ішінде бір жылда футболка 12,8%, жатар орынған арналған киім 11,9%, шұлық 10,9%, маусымаралық күрте 10,5%, қыстық комбинезон 10,3%, қыстық күрте 9,7%, джинс шалбар 9,3%, шалбар 9,1%, спорттық киім 7,9%, көйлек 6,8%, жемпір 6,4%, костюм 6,2%, қыздардың жейдесі 5,9%, мектепке дейінгі баланың костюм жиынтығы 5,7%, балалардың қыстық аяқ киімі 15,9%, кроссовка 15%, туфли 13,4%, қыздардың туфлиі 9,7%, маусымаралық аяқ киімдер бағасы 13% қымбаттаған.

Предыдущая запись
Украл и удерживал: полицейские Шымкента отказались возбуждать уголовное дело
Следующая запись
Двое шымкентских полицейских оказались участниками преступной группировки

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню