438
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіндегілер жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.Ажибаевқа, А.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жолдаған.
Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылды. Ведомства мәліметінше, оларға түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп, мемлекет меншігіне берілді.