322
Оқыс оқиға бүгін, 3 тамыз күні күндізгі уақытта «Тұран» шағынауданында болды. Төтенше жағдайлар департаментіндегілерге бұл туралы ақ халаттылар хабарлаған.
Үлкендердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатының терезесінің құлап кеткен. Бүлдіршін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда баланың жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.
Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер бұл жыл басынан бері орын алып отырған төртінші жағдай екенін айтты. Оның барлығында балалар қараусыз қалған. Ал өткен жылы 7 бала терезеден құлап кеткен.