334
Шымкентте 3 тамызда кей уақытта найзағай ұрып, дауыл соғады. Синоптиктердің болжамы бойынша оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтіледі. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады. Осыған орай мамандар қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды.