Жетісайда көршісінен оңбай алданған әйел 18 млн теңгесінен айырылып қалды

Теги:
357

Түркістан облысы, Жетісайда көршісін сазға отырғызып кеткен келіншек ұсталды. Оның жәбірленушіге келтірген шығын көлемі – 18 млн 130 мың теңге.

Облыстық Полиция департаментіндегілер алаяқтық қылмысы бойынша тағы бір ақпаратпен бөлісті. Ведомства мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, көршісі Түркия елінен арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беретінін айтып әбден сеніміне кірген екен. Содан жәбірленушіден 16 130 000 теңге ақшасын және жалпы құны 2 000 000 теңгелік алтын әшекейлерін алдап алып кеткен.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті мен жәбірленуші көршілер болып шықты. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді департаменттегілер.

Ұсталған күдікті келіншек жәбірленушіден алған ақша мен әшекей бұйымдарды бас пайдасына жаратып жіберіпті.

Алдыңғы пост
Алматыда 28 жастағы жігіт үш рет жол апатын жасап, жедел жәрдем көлігін ұрлап кетті
Келесі пост
​«Қант әперемін». 23 жастағы бойжеткен тұрғындардың ақшасын алып, тайып тұрған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu