Қаржы пирамидасы: 153 адамды сан соқтырған әйелге сот үкімі шықты

Теги:
301

Батыс Қазақстан облысында 153 адам қаржы пирамидасының құрбаны болған. Бұл істі Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті тергеген.

«ҚМА БҚО бойынша департаменті жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, «Нұр жиһаз» онлайн жобасында жиһаз ойнату арқылы міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен қаржылық пирамидасын ұйымдастырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды» делінген агенттік мәліметінде.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза арқалады. Ол 7 жыл бойы қаржылық және коммерциялық ұйымдардағы басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Алдыңғы пост
Жетісайлық әйел әкесін зейнеткерлікке шығарамын деп ақшасынан айырылып қалды
Келесі пост
Қостанайда өрттен зардап шеккен әр отбасыға 1 млн теңгеден беріледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu