Түркістандық бойжеткен отырыста танысқан жігітті сан соқтырып кетті

Теги: ,
386

Түлкібас ауданында досының үйіне қонаққа барған бойжеткен алаяқтық жасаған. Жас қыз отырыста жас жігітпен танысып, оның ұялы телефоны арқылы есепшотындағы 700 мың теңгені оп-оңай өзіне аударып алған.

Қомақты қаржысынан айырылған жігіттің қыздың бұл арам пиғылынан мүлдем хабары болмаған. Ақшасыз қалғанын байқаған кезде ол дереу полицейлерге белгісіз біреудің құрбаны болғанын айтып шағымданыпты. Полицейлер бұл оқиғаны Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кіріскен.

«Күдікті ретінде бойжеткен анықталып, полицейлер оны өз үйінен ұстады. Ол жәбірленушінің танысы, жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, жәбірленуші мен күдіктіні достары үйіне қонаққа шақырған. Сол сәтте күдікті әлеуметтік желіге кіру үшін жәбірленушінің ұялы телефонын сұрап алған. Жас қыз жымқырған ақшаларды бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
11 жасар бала үстіне футбол қақпасы құлап мерт болды
Следующая запись
Отца, зарубившего сына топором, приговорили к 15 годам тюрьмы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню