11 жасар бала үстіне футбол қақпасы құлап мерт болды

Теги: ,
311

Қайғылы оқиға Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің маңындағы ойын алаңында орын алған. Жасөспірім достарымен бірге аулада ойнаймын деп үйінен шығып, арада 15 минуттай уақыт өткенде туыстары оқиға туралы білген. Ауыр жарақат алған бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, үстіне темір қақпа құлаған бала ашық және жабық ми жарақатын алған. Дәрігерлер оны аман алып қалудың барлық амалын жасағанымен, жарты сағат соң бала аурухана төсегінде көз жұмған.

Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға қақпаны орнатқандарды кінәлап отыр. Өйткені футбол алаңындағы қақпа бекітілмеген екен. Жергілікті шенеуніктер қара жамылған отбасыға көңіл айтып келіп, кешірім сұрапты. Оқиға болғаннан кейін мамандар алаңдағы екінші қақпаны бекітіп қойған. Ал оқушының үстіне құлаған қақпаны өздерімен бірге алып кеткен.

Предыдущая запись
За 20 дней туристы в Бурабае оставили 217 тонн мусора
Следующая запись
Түркістандық бойжеткен отырыста танысқан жігітті сан соқтырып кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню