358
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент қызметкерлері арнайы операция кезінде аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
«Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді. Тергеу есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде» делінген ҰҚК таратқан мәліметте.
Айта кетейік, егер күдікті сот үкімімен кінәлі деп танылса, 15 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.