Түркістанда бір айдан бері хабарсыз кеткен 46 жастағы сұрбойдақ Ресейден табылды

Теги: ,
429

Түркістан қаласында анасы бір айдан бері шарқ ұрып іздеген 46 жастағы азамат табылды. Осыдан бір жыл бұрын нәпақа табу үшін Ресейге жұмысқа кеткен ер кісі соңғы бір айдан бері мүлдем хабарсыз кеткен екен. Ұлын уайымдаған ана жергілікті полицейлерден көмек сұраған.

«Түркістан қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, із-түзсіз кеткен азаматты іздеу жұмыстарын жүргізді. Полицейлер облыс көлемінде, одан соң Қазақстан Республикасы бойынша бағыттамалар беріп, іздестіру ауқымын кеңейтті. Ресей Федерациясында жұмыс бабымен болуы мүмкін деген тұжырымды да ескеріп, сол жақтағы елшілік пен тәртіп сақшыларына хабарлама жібереді. Нәтижесінде полицейлер жоғалған орта жастағы азаматты бірнеше күн ішінде тапты. 46 жастағы тұрғын үйіне қайтарылды »,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандай, жоғалған ер азамат Ресейге жұмыс жасауға барып, абайсызда аяғын сындырып алған. Содан бері жұмыссыз жатқан. Анасы уайымдамас үшін оған хабарласпаған екен.

Предыдущая запись
Жертва финпирамиды из Шымкента вынуждена уехать на заработки, чтобы выплачивать кредит
Следующая запись
«Арнайы операция». Елордалықтарды есірткімен қамтамасыз етіп келген жергілікті тұрғын ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню