«Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын». Алматылықтарды сан соқтырып кеткен алаяқ ұсталды

Теги: ,
325

Алматыда тұрғындарды шетелге жұмысқа тұрғызамын деп уәде беріп, қомақты қаржыларын алған соң үшті-күйлі хабарсыз кеткен жас жігіт ұсталды.

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахмановтың мәліметінше, екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше ұрлау – 27 жастағы Ц.есімді азаматтың іс-әрекеті дәл осылай квалификацияланған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша 2 дерек тіркелген. Бұл туралы ол өзінің желі парақшасында жазды.

«Күдікті интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесу туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам жасырынып қалған. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ц.есімді азамат ұсталып, қамауға алынды», – делінген жазбада.

Қазіргі таңда күдіктінің тұрғындарға келтірген шығыны — 2 млн теңге. Оның осы секілді өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.

Предыдущая запись
Как строят и ремонтируют дороги в Шымкенте
Следующая запись
В Алматы женщина в хиджабе воровала детские коляски

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню