Қызметтік көлігімен баласын мектепте тасыған сот төрағасы ескертумен құтылды

Теги: ,
303

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотының төрағасы ескерту алды. Оның қызметтік көлігін жұмыстан тыс пайдаланып, балаларын мектепке апарғаны анықталған. Бұл туралы ҚазАқпарат ақпараттық агенттігі жазды.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаевтың қызметтік көлігімен балаларын мектепке тасымалдағаны туралы бейнежазба өткен жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Куәгерлер қызметтік көліктен судьяның баласы шығып бара жатқанын, оны мектепке жүргізушісі алып келгенін түсіріп алған. Тексеру қорытындысы бойынша қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану бөлігінде бұзушылықтар анықталғаны белгілі болды. Материалдар Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасына берілді. Тексеріс қорытындысы бойынша Бекзат Шалғымбаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Қазақстанның Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасының шешімімен Бекзат Шалғымбаев Судья әдебі кодексінің нормаларын бұзғаны үшін ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп мәлімдеді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
Жители Аль-Фарабийского района будут на 100 % обеспечены питьевой водой, электричеством и природным газом
Следующая запись
Выбор жителей Шымкента — игровые и спортивные площадки в каждом дворе

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню